28 мамырда Конгресс-орталығында Елорданың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы өтеді.
ТКШ-ның бірінші форумы аясында қатысушылар қызмет көрсетушілерді ауыстыру, онлайн дауыс беруді өткізу тетіктерімен және құралдарымен таныса алады, сондай-ақ жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестіктерін құрудың негізгі қадамдарымен таныса алады.
Сонымен қатар, форум бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды, сондай-ақ меншік иелерінің бірлестігі институтын қалыптастыру бойынша негізгі мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Форумға ТКШ басқару, сервистік қызмет көрсету және құқықтану саласындағы мамандар қатарынан 500-ден астам қатысушы мен 10 спикер қатысады.
Айта кетейік, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрмесі шара аясында «Астана-АЭК» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС, «Астана Су Арнасы» МКК және басқа да компаниялар өз стендтерін орнатады.
Форум өз жұмысын таңғы сағат 10:00-де бастайды. Қатысушыларды тіркеу jkh.kz сайтында ашық.