23 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында EXPO 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан Республикасы павильонының алаңында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы өкілдері қатысқан іс-шара өтті.
Қазақстандық делегация құрамында шағын және орта бизнестің түрлі салаларының өкілдері бар: білім беру, құрылыс, астық индустриясы, туризм, баспа, тігін өндірісі, қонақ үй-мейрамхана бизнесі.
Презентация барысында әйелдер еліміздің өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан бизнес пен әлеуметтік жобаларды талқылады.
Іс-шара Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысушылары үшін тәжірибе алмасуға және әлеуетті серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Павильон ашылғалы бері оған 1,4 млн-нан астам адам келгенін, ал оның алаңында 50-ге жуық іскерлік және мәдени іс-шаралар өткізілгенін атап өткен жөн.