Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы қорытынды көрмелері 22-24 қазанда Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.
Бұл ауқымды шара әлемнің 20 елінен агроөнеркәсіп кешенінің 250 үздік
компаниясын бір шаңырақ астына жинап, 20 000 м²аумақты қамтиды. Биылғы көрме ерекше форматта өтеді: ТМД аумағында алғаш рет ауыл шаруашылығы
көрмелерінің ресми серіктесі ретінде Германия қатысады. 40 неміс компаниясы өздерінің заманауи өнімдері мен технологияларын таныстырып, беделді халықаралық сарапшылар маңызды тақырыптарды талқыға салады.
Сонымен қатар көрме аясында неміс мәдениетімен танысу мүмкін болады. Айта кетерлігі, Германия әлемдік ауыл шаруашылығы көрмелерінде серіктес ел ретінде өз тарихында бар болғаны екінші рет қатысуда.
Дәстүр бойынша көрмелер саланың екі басты бағытына бөлінеді. Өсімдік шаруашылығына арналған KazAgro бөлімінде аграршыларға әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы әрі озық технологиялардың кең таңдауы көрсетіледі. Мәселен, «Ростсельмаш» компаниясы жаңа дизайндағы «2400» тракторын және жоғары өнімді «T500» астық жинайтын комбайнын таныстырады. Көрме тұқым таңдаудан бастап өңдеу технологияларына дейінгі өндіріс үдерісін толық қамтиды. KazFarm — мал шаруашылығына арналған тартымды әрі әсерлі экспозиция, технологиялардың алуан түрлілігін көрнекі түрде ұсынады. Бұл жерде табысты фермерлер бордақылау алаңдары мен сүт-тауар фермаларына арналған өнімдердің толық циклымен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Бәсекелестіктің артуы мен тұрақсыз климаттық өзгерістер жағдайында жаңа білімдер тұрақты өндірістің негізі болады. Сондықтан KazAgro/KazFarm 2024 көрмесінде бизнес бағдарламасына айрықша көңіл бөлінеді. Қонақтарды әртүрлі ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылайтын көптеген халықаралық және қазақстандық сарапшылар қарсы алады. Бұл ерекше кездесулер фермерлердің жылдам өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделуіне көмектесетін идеялар алаңына айналады.
Сондай-ақ көрмеге келушілер лотерея ойнап, бас жүлде – асыл тұқымды қошқарды ұтып ала алады.
KazAgro/KazFarm 2024 шабыт пен тәжірибе алмасудың бірегей алаңы болатынына сенім білдіреді. Бұл жерде кәсіпкерлер өз пікірлестерін тауып, пайдалы байланыстар орнатып, бірлескен жобаларға қажетті жағдайларды қалыптастыра алады. Бұл шара Қазақстанның агроөнеркәсіп секторында жаңа кезеңнің бастаушысы болып табылады.
Еске сала кетейік, KazAgro/KazFarm көрмелері еліміздің негізгі ауыл шаруашылығы шаралары ретінде ТМД-да ең ірі болып саналады және олар 15 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында іс-шара халықаралық деңгейде мойындалып, әлемдік көрмелер тізіміне енгізілді.
Саладағы басты оқиғаны өткізіп алмаңыз! Кіру тегін!