12-14 сәуірде EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Automechanika Astana автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектердің, автокомпоненттердің, жабдықтар мен тауарлардың халықаралық көрмесі өтеді.
Қатысушылар арасында ірі өндірушілер бар — ЭЙКОС (шиналар), TruckMotors (қосалқы бөлшектер), Meiji Sangyo Company (автобөлшектер, майлар және автохимия), Oscar Lubricants (майлар), Кайнар-АКБ (аккумуляторлар) және т.б. Сонымен қатар көптеген брендтерді Ресейдегі ең ірі интернет-дүкендердің бірі – BrainStorm стендінен табуға болады.
Көрменің халықаралық мәртебесін Испания, Таиланд, Жапония, Латвия, Польша, Беларусь, АҚШ, БАӘ компаниялары растайды. Өткен жылы Қытайдың автобөлшектеріне сұраныс болғандықтан, көрмеде Қытай павильоны ұйымдастырылады. Онда Huasheng және Roadboss шина өндірушілері, Қытайдағы жетекші амортизатор мен ілме өндірушілерінің бірі Zhejiang Gold Intelligent Suspension Corp, сканерлеу жүйесін әзірлеуші Newland және басқа да компаниялар қатысады.
Дәстүр бойынша Automechanika Astana-мен бір алаңда Komtrans Astana | Futuroad Expo Astana коммерциялық көлік және құрылыс техникасының көрмесі де өтеді. Мысалы, биыл жобаға Allur Distribution (JAC Trucks), FAW брендімен БАЙСАЛ-АВТО, сонымен қатар Isuzu, Man, Komatsu, Volvo, Carrier техникасына арналған қосалқы бөлшектерді ұсынатын СВС-Транс сияқты Орталық Азия нарығының негізгі ойыншылары қосылады.
Бұдан бөлек, көрме аясында салалық қауымдастықтардың, қатысушы компаниялардың және сарапшылардың қатысуымен сессиялар өткізіледі:
Сондай-ақ көрмеге келушілер экспонаттарды көріп қана қоймай, ашық алаңда жаңа көлік үлгілерін сынай да алады. Тест-драйвқа Allur Қазақстандық автомобиль компаниясы JAC J7, KIA K5, KIA Cerato, Shevrolet сияқты автомобильдерді ұсынады.