19–23 сəуір аралығында EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «Eurasian Book Fair – 2023» VI еуразиялық халықаралық кітап-жəрмеңкесі өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Астана қаласы əкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырады.
Іс-шараның негізгі мақсаттары: кітап оқуды насихаттау, оқу мəдениетінқалыптастыру, əлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекшібаспалардың кітап өнімдерінің заманауи үздік ассортиментін, кітап шығаружəне полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну, дүниежүзіліккітап басып шығару жəне полиграфия индустриясының тəжірибесін зерделеу, байланыс орнату жəне баспа саласындағы жетістіктерді көрсету.
Көрме-жəрмеңкеге қатысуға Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан жəне Қытайдың баспа, кітап сату, ғылыми, білім беру жəне полиграфиялық компанияларды ұсынатын 70-ке жуық компания өтінім берді.
«Eurasian Book Fair – 2023» көрме-жәрмеңкесі ауқымды мәдени және іскерлік бағдарламадан тұрады. Бағдарлама барысында жетекші қазақстандық және шетелдік баспалардан балалар, көркем, оқу және ғылыми-көпшілік әдебиет жаңалықтарының тұсаукесері, белгілі жазушылармен және ақындармен қолтаңба-сессиялар, сондай-ақ кітап шығару туралы өзекті мәселелер талқыланатын дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Сонымен қатар көрменің бес күнінде балалар алаңында кітап оқу, тасқа сурет салу, кітапқа бетбелгі жасау және т.б. шеберлік сабақтары өтеді.
Көрме аясында «Жылдың үздік кітабы» байқауы өтеді. Үміткерлер келесі номинациялар бойынша сайысқа түседі: «Үздік оқу құралы», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап», «Үздік өлкетану басылымы», «Мəдениетжəне өнер», «Ғылым жəне инновация» және «Гран-при». Сондай-ақ көрме барысында бағалы сыйлықтар ұтысы мен иллюстраторлар байқауы өтеді.