24-26 маусымда «EXPO» халықаралық көрме орталығында («EXPO» ХКО) «Automechanika Astana» автокөліктеріне сатудан кейінгі қызмет көрсетудің халықаралық көрмесі және Қазақстандағы жүк және коммерциялық көліктің «Futuroad Expo Astana» көрмесі өтеді. Биыл жобалар Орталық Азияның жеңіл, жүк, коммерциялық және қоғамдық көлік саласындағы барлық бағыттар мен шешімдерді бір алаңда біріктіреді.
«Automechanika Astana» мен «Futuroad Expo Astana» Орталық Азияның ең заманауи бизнес-алаңы – «EXPO» ХКО-да өтетін алғашқы көрмелер ғана емес, сонымен бірге саладағы ұзақ үзілістен кейін Қазақстанда көрме маусымының ашылуымен тұспа-тұс келеді.
«Automechanika Astana» көрмесінде автомобиль өнеркәсібінің, дилерлік орталықтардың, қызмет көрсету және жөндеу сегменттерінің өкілдері кездеседі, ал «Futuroad Expo Astana» коммерциялық көлік пен жол-құрылыс техникасының Орталық Азия көрмесі коммерциялық көлік, қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушылар әлеміне енуге мүмкіндік береді.
Көрме шеңберінде жеңіл автомобильдер экспозициясы көрсетіледі, онда өндірушілер жаңа модельдерін ұсынады, ал келушілер ұсынылған автомобильдерді тест-драйв аясында сынап көре алады. Ал Қазақстандағы ең ірі авто қоғамдастық Cars.kz автоәуесқойлар үшін қосымша іс-шаралар сериясы – эксклюзивті тюнингті автомобильдер аймағы ұйымдастырылатын болады. Келушілер Stance мәдениетінің үлгілерін, JDM канондары бойынша жапондық жетілдірілген автомобильдерді, реставрациядан өткен ретро автомобильдерді, неміс классикасын және тюнинг жасалған ерекше модельдерді тамашалай алады.
Ағымдағы эпидемиологиялық жағдайда «QazExpoCongress» ҰК» АҚ үшін әлеуметтік қашықтықты, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, үй-жайларды дезинфекциялауды, сондай-ақ «ASHYQ» қосымшасы арқылы келушілерге рұқсат беруді қамтитын барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету арқылы көрме қонақтары мен қатысушыларының денсаулығына қамқорлық жасау басымдық болып қала береді.
Оның үстіне, барлық келушілер мен көрмелерге қатысушыларға COVID-19-ға тегін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі, бұл қауіпсіздіктің қосымша деңгейін құрады.
Алдын ала онлайн тіркелген жағдайда көрмелерге кіру тегін болатынын атап өткен жөн.