«QazExpoCongress» ұлттық компаниясының ұжымы Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевпен кездесті.
Кездесу барысында А. Шәуеев заманауи технологиялар жағдайында цифрлық контент пен тегін онлайн білім беру платформаларын құруға бағытталған бірқатар инновациялық жобаларды ұсынды. Soyle.kz – қазақ тілін бастапқы деңгейден жоғары деңгейге дейін үйренуге арналған жасанды интеллект негізіндегі танымал портал және мобильді қосымша аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар 4 пен 10 жас аралығындағы балаларға тіл үйренуге арналған Tattialma.kz онлайн ойын платформасы, Damulib.kz – интерактивті балалар әдебиеті, қазақ тіліндегі ертегілер мен аңыздар сайты, Абай әлемі, Qazcomics.kz, Bala.soyle.kz белгілі жобалары таныстырылды. Осы және басқа да жобалар мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндерге шексіз, ыңғайлы және жылдам мүмкіндіктер ұсынады.
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясының қызметкерлері Мемлекеттік тілді дамыту қорының жұмысын жоғары бағалап, мемлекеттік тілдің рөлін одан әрі дамыту және нығайту үшін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.