11-13 ақпан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында ALEM TECH FEST 2026 фестивалі өтеді. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект, STEM және инженерлік шығармашылық бағытындағы ең ірі іс-шара. EXPO ХКО-да аумағында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнамнан келген 5000-нан астам қатысушы өз жобаларын ұсынады.
Фестиваль аясында FIRST бағдарламасы бойынша өтетін Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионатында қатысушылар инженерлік жобаларын ұсынады.
Одан бөлек фестиваль бағдарламасында Alem Drone League дрон жарыстары, гуманоид роботтар, RoboCup, Battle of Bots және Hour of AI сияқты бағыттар бар.
Чемпионат нәтижесінде 50 үздік команда анықталып, оның 14-і АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship әлемдік финалына жолдама алады. Қалған командалар Канада, Мексика, Нидерланды, Түркия, БАӘ, Қытай, Грекия және Оңтүстік Кореядағы халықаралық жарыстарға қатысады.