Компанияның Әкімшілік-құқықтық департаменті ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, өскелең ұрпақтың өнерге деген құштарлығын ояту мақсатында «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты қылқалам шеберлерінің байқауын ұйымдастырды.
Өнер додасына қатысушылар хәкімнің ғибратты өмірі мен сырлы әлемін арқау ете отырып, портрет, пейзаж, натюрморт және иллюстрация жанрларында, сан алуан техникада өрнектелген туындыларын ұсынды. Бұл бастама өрімдей жас дарындар арасында үлкен серпіліс тудырды. Байқауға 8 бен 17 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан 15 шығармашылық жұмыс келіп түсті. Әсіресе, Нұрмағамбетова Інжу, Жекеева Айсана, Альназарова Амира және Сабитова Айша салған Абай бейнелері ерекше талғаммен, асқан шеберлікпен орындалған. Бала қиялынан туған ақын бейнесі сан қырлы: бір кенепте ой тұңғиығына батқан, парасатты да байсалды ақсақал бой көтерсе, енді бірінде көңілі шабытпен шарқ ұрған, жүзінен жылылық ескен нұрлы тұлға бейнеленген.
Суреттер бойынша:
Нұрмағамбетова Інжу «Шебер» 
Жекеева Айсана «Шебер»

Серикова Айша «Портрет» 
Альназарова Амира «Шебер» 
Уразалина Муслима «Иллюстрация» 
номинациялары бойынша іріктелді.
Қатысушылар дипломдармен марапатталды.