Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің экономикаларын байланыстыратын өңірлік бизнес және қаржы орталығы.
АХҚО мақсаты – қаржы қызметтерінің жетекші халықаралық орталығын қалыптастыру. Инвесторлар үшін үйреншікті жалпы құқық негізінде АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығы жұмыс істейді. АХҚО жоғары технологиялық биржасы құрылған.
АХҚО Қаржы технологиялық хаб бөлімшесі шеңберінде жаңа қаржы-технологиялық өнімдер мен қызметтерді дамытатын компанияларға көмектеседі. АХҚО жасыл қаржы орталығы жасыл және әлеуметтік қаржы саласында зерттеулер жүргізеді, жасыл және әлеуметтік облигациялар шығаруды қолдайды және т.б.
Жалпы АХҚО капитал нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясатын қалыптастырады, егеменді қорлардың активтерін неғұрлым тиімді басқару үшін алаң ұсынады және қаржы қызметтері саласындағы жетекші сарапшыларды шоғырландыруды қамтамасыз етеді.