Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитеті
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитеті 2018 жылғы 31 қаңтарда Қоғам қызметінің ұзақ мерзімді құнындағы және тұрақты дамудағы тиімділігін арттыруға, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуына ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу мәселелерін қоса алғанда Қоғам қызметінің басым бағыттарын әзірлеу және оның даму стратегиясының мәселелері бойынша ұсынымдарды әзірлеп, Директорлар кеңесіне ұсыну үшін құрылған.
Комитет құрамы:
Нокин Серік Кеңесұлы – Комитет төрағасы, тәуелсіз директор;
Шілдебаева Әсел Дулатқызы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
Мәуленов Миран Ғазизұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор.
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитеті туралы ереже
——————————————————————————————————————–
Аудит және тәуекелдерді басқару комитеті
Аудит және тәуекелдерді басқару комитеті 2018 жылғы 31 қаңтарда Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылаудың (соның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен дәйектілігін) тиімді жүйесін белгілеу бойынша, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізу жөніндегі, сыртқы және ішкі аудит мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының және Компанияның ішкі құжаттарының сақталуы жөніндегі ұсынымдарды Директорлар кеңесіне дайындау арқылы Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында құрылған.
Комитет құрамы:
Шілдебаева Әсел Дулатқызы – Комитет төрағасы, тәуелсіз директор;
Нокин Серік Кеңесұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
Мәуленов Миран Ғазизұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор.
Аудит және тәуекелдерді басқару комитеті туралы ереже
——————————————————————————————————————–
Әлеуметтік мәселелер, кадр және сыйақылар комитеті
Әлеуметтік мәселелер, кадр және сыйақылар комитеті 2018 жылғы 31 қаңтарда Директорлар кеңесіне және Компания Басқармасына кадрлық саясат, корпоративтік әлеуметтік жауаптылық мәселелері, тағайындаулар мен сыйақылар жүйесі, сондай-ақ қызметті бағалау және сабақтастықты жоспарлау мәселелері бойынша ұсынымдар дайындау үшін құрылған.
Комитет құрамы:
Мәуленов Миран Ғазизұлы – Комитет төрағасы, тәуелсіз директор;
Шілдебаева Әсел Дулатқызы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
Нокин Серік Кеңесұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор.