Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет Компанияның дамуының басым бағыттарын және стратегиясын әзірлеу мәселелері жөнінде, Компанияның қызметінің тиімділігін арттыруға, оның ұзақ мерзімді құнына және тұрақты дамуына жәрдемдесетін іс-шараларды әзірлеу мәселелерін қоса алғанда, Директорлар кеңесіне ұсынымдарды дайындау мақсатында 2018 жылғы 31 қаңтарда құрылды.
Комитет құрамы:
Алимұхамбетов Нұржан Ержанұлы – Комитет Төрағасы, тәуелсіз директор;
Жолдыбеков Қуат Төлегенұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
Кощанова Жанаркүл Тоғызбайқызы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор.
——————————————————————————————————————–
Аудит жөніндегі комитеті
Аудит жөніндегі комитет ішкі және сыртқы аудит, қаржы есептілігі, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, ішкі құжаттар және Директорлар кеңесі тапсырмасы бойынша өзге мәселелер бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдарды дайындау мақсатында 2018 жылғы 31 қаңтарда құрылды.
Комитет құрамы:
Кощанова Жанаркүл Тоғызбайқызы – Комитет төрағасы;
Алимұхамбетов Нұржан Ержанұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
Жолдыбеков Қуат Төлегенұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор.
——————————————————————————————————————–
Әлеуметтік мәселелер, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеті
Директорлар кеңесінің әлеуметтік мәселелер, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет кадрлық саясат, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, тағайындау (сайлау), қызметті бағалау, сыйақы беру және Директорлар кеңесі мен Компанияның Басқармасының сабақтастығы мәселелері жөнінде Директорлар кеңесіне ұсынымдарды дайындау мақсатында 2018 жылғы 31 қаңтарда құрылды.
Комитет құрамы:
Жолдыбеков Қуат Төлегенұлы – Комитет Төрағасы, тәуелсіз директор;
Алимұхамбетов Нұржан Ержанұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
Кощанова Жанаркүл Тоғызбайқызы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор.