Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы
Білім
2014 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылы – РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Мансап
2014-2015
2014 - 2015 жылдары «Қазпошта» Пошталық қызмет» АҚ филиалының Пошталық төлемдер белгісі басқармасының бас маманы ретінде жұмыс жасады.
2015-2019
2015 - 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында келісімшартпен қызмет етті.
2019-2020
2019 - 2020 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бойынша басқармасының бас маманы.
2020-2021
2020 - 2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жерқойнауын пайдалану департаментінің бас сарапшысы.
2021-2023
2021 - 2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің басқарма басшысы.
2023-2024
2023 - 2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының Экономикалық бөлімінің сектор меңгерушісі.
2024-2025
2024 жылғы 3 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 2025 жылғы 2 мамырда «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды