Директорлар кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Білім
Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Мансап
1993-2004
1993-2004 жж. кәсіпкерлікпен айналысқан.
2005-2006
2005-2006 жж. – Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
2006-2007
2006-2007 жж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
2007-2008
2007-2008 жж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.
2008-2010
2008-2010 жж. – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2010-2011
2010-2011 жж. – «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012-2013
2012-2013 жж. – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013-2014
2013-2014 жж. – ҚР Өңірлік даму вице-министрі.
2014-2017
2014-2017 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
2017-2019
2017-2019 жж. – ҚР ұлттық экономика вице-министрі.
2019-2020
2019-2020 жж. – Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).
2020-2022
2020-2022 жж. – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
15 тамыз, 2022 жыл
2022 жылғы 15 тамыздан бастап Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2 қыркүйек, 2022 жыл
2022 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.
2 қыркүйек, 2023 жыл
2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.
6 ақпан, 2024 жыл
2024 жылғы 6 ақпаннан бастап ҚР Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.
20 наурыз, 2024 жыл
2024 жылғы 20 наурызда «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
14 маусым, 2024 жыл
2024 жылғы 14 маусымда «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.