2023 жылғы 6 қарашада Messe Frankfurt Asia Holding Ltd.-мен меморандумға қол қойылды, аталған ұйым өз кезегінде Франкфурте-на-Майнеде (Германия) өзінің көрме кешені бар көрмелер, конгресстер мен іс-шаралардың дүние жүзіндегі ең ірі ұйымдастырушысы болып табылады. Жыл сайын Messe Frankfurt 100-ден астам халықаралық көрме ұйымдастырады. Дүние жүзі бойынша 30 еншілес компаниясының кеңселерін қоса алғанда қызметкерлерінің жалпы саны шамамен 2500 адамды құрайды. Меморандумның мазмұны «QazExpoCongress» ҰК» АҚ мен Messe Frankfurt арасында серіктестік қарым-қатынастарды орнату және ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастықты орнату болып табылады.