Дүниежүзілік ЭКСПО көрмелері – бұл Халықаралық Көрмелер Бюросының (ХКБ) қамқорлығымен өткізілетін әлемдегі ең көне және ірі халықаралық оқиғалардың бірі. ХКБ – бұл 1928 жылдан бастап Дүниежүзілік көрмелерді өткізу және ұйымдастыру мәселелерін реттейтін үкіметаралық ұйым.
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны ретінде 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясы кезінде Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 мемлекет өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында таңдалды. Елорданың өтінімін 103 ел қолдады. Негізгі тақырып – «Болашақ энергиясы».