2017 жылғы 10 Маусым-10 қыркүйек

Ресми түрде «Халықаралық деңгейдегі танымал көрмелер» деп аталатын мамандандырылған ЭКСПО көрмелері – бұл адамзат алдында тұрған мәселелерді шешуге арналған жаһандық іс-шаралар. Мамандандырылған көрмелер миллиондаған қонақтарды қарсы алады және таңдалған тақырып бойынша қызықты және әсерлі оқиғалар арқылы саяхат ұсынады.

Бірінші мамандандырылған ЭКСПО көрмесі 1936 жылы Стокгольмде өтті. Бұған дейін көрмелер Испанияда (ЭКСПО-2008 Сарагоса) және Оңтүстік Кореяда (ЭКСПО-2012 Йосу) өткен.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны ретінде 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясы кезінде Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 мемлекет өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында таңдалды. Елорданың өтінімін 103 ел қолдады. Негізгі тақырып – «Болашақ энергиясы».

ЭКСПО-2017 тарихы
10 Маусым
10 қыркүйек
2017
Ұзақтығы
93 күн
Келушілердің жалпы саны
4 млн
адам


3 500
мәдени іс-шара
Көрмеге қатысты
115
ел
22
халықаралық ұйым
40
мемлекет басшысы
9
үкімет басшысы
72
шетелдік министр

«Болашақ энергиясы» форумының қорытындысы бойынша «ЭКСПО-2017 құндылықтары мен қағидаттарының манифесті» қабылданды

Волонтерлік қызмет:
4500 ерікті келді – 35 елден
150 супервайзер – жас көшбасшылар, жастар ұйымдарының өкілдері

ЭКСПО-2017 елдің дамуы үшін

ЭКСПО-ны өткізу кезеңінде Астанаға 5,4 млн. адам келді, 4 млн-нан астам адам ЭКСПО-ға барды


500 000
шетелдік турист
ТОП-5 қала
Астана оқиғалар туризмі рейтингінде (ШЫҰ және ТМД елдері арасында)

36
жаңа қонақ үй салынды – қонақ үйлерге орналасу көлемі үш есеге артты
5 мың
жаңа жұмыс орны ашылды

Жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140 өнертабыс

оның 16-сы Астана қаласында енгізілген


Экономикалық тиімділік:
отандық тауар өндірушілерді қолдау
1 400 Шағын және орта бизнес субъектісі
ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына тартылды