
Астана халықаралық форумы — Орталық Азия өңіріндегі ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі және қазіргі халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша диалог жүргізуге арналған маңызды жаһандық алаң. Форум Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылды.
Форумға шетелдік үкіметтердің жоғары лауазымды өкілдері, халықаралық ұйымдар, жетекші компаниялардың басшылары, сондай-ақ іскерлік, сараптамалық және ғылыми қауымдастықтардың өкілдері қатысады.
Форум аясында сыртқы саясат, экономика және қаржы, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, орнықты даму, энергетика және климаттың өзгеруі сияқты халықаралық күн тәртібінің басым бағыттары қарастырылады.
Астана халықаралық форумы елдер мен өңірлер арасындағы өзара түсіністікті нығайту, пікір алмасу және ашық диалог жүргізу үшін бейтарап әрі инклюзивті алаң қызметін атқарады. Геосаяси жағдайдың күрделенуі жағдайында Форум бейбітшілік, орнықтылық және даму қағидаттарына негізделген сындарлы халықаралық күн тәртібін қалыптастыруға ықпал етеді.
Форум туралы толық ақпарат ресми сайтта:
https://www.astanainternationalforum.org/