«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бекітілген Автотұрақ алаңының сенімді басқарушысын таңдауға іріктеу бойынша ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ның автотұрақ алаңының сенімді басқарушысын таңдау бойынша байқау (бұдан әрі – Байқау) өткізетінін хабарлайды.
Байқау шарттары туралы толық ақпарат Ережеде көрсетілген.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/2 мекенжайына жіберуге болады.
Байқау туралы хабарландыру Байқау жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде жарамды.
Өтінімдерді қарау және Қатысушыларды таңдау Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты +7 (7172) 91 70 78 телефоны немесе zzhusipova@qazexpocongress.kz электрондық поштасы арқылы жұмыс күндері сағат 09.00-ден 12.30-ға дейін және 14.30-дан 19.00-ге дейін алуға болады.