«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурстық іріктеу туралы.
9 баптың 6-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңестерді құру тәртібі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша конкурстық іріктеу жариялайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар арасынан конкурсқа қатысуға үміткерлер бойынша ұсыныстарды Қоғамдық кеңес осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде жазбаша түрде қабылдайды.
Тендер өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қоғамның Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы 10 адамды құрайды, оның 3-і Қоғамнан және 7-і коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардан болады.
«QazExpoCongress» ҰК АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру үшін конкурстық іріктеу туралы».
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Заңының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру тәртібі туралы 8-бабына сәйкес, «QazExpoCongress» ҰК АҚ Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру үшін конкурстық іріктеуді жариялайды.
Конкурсты өткізу мерзімі: 10 жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 күнтізбелік күн.
Жұмыс тобының құрамы 3 адамнан тұрады: «QazExpoCongress» ҰК АҚ ұйымдастыру-кадрлық жұмыс департаментінің директоры, азаматтық қоғамнан 2 өкіл.
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» ационерлік қоғамы ЭКСПО-2020 Дубай Дүниежүзілік көрмедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық павильонының ритейл операторын іріктеу туралы бекітілген ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес ЭКСПО-2020 Дубай Дүниежүзілік көрмедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық павильонының ритейл операторын іріктеу бойынша байқаудың (бұдан әрі – Байқау) жариялануын хабарлайды.
«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 30 қазандағы шешімімен (№34-20 хаттама) бекітілген «QazExpoCongress» ҰК» АҚ аумағында ақпараттық-телекоммуникациялық қызметтер көрсететін компанияларды іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу) жөніндегі Ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес «QazExpoCongress» ҰК» АҚ аумағында ақпараттық-телекоммуникациялық қызметтерді ұсынатын компанияларды іріктеу туралы хабарлайды.
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» ационерлік қоғамы ЭКСПО-2020 Дубай Дүниежүзілік көрмедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық павильонының мейрамхана операторын іріктеу туралы бекітілген ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес ЭКСПО-2020 Дубай Дүниежүзілік көрмедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық павильонының мейрамхана операторын іріктеу бойынша байқаудың (бұдан әрі – Байқау) жариялануын хабарлайды.