16-18 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында құрылыс саласының жетекші іс–шараларын біріктіретін ауқымды шара – құрылыс техникасының, жабдықтар мен технологиялардың CMEXPO халықаралық көрмесі және Infratech Kazakhstan инженерлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық кешенін дамыту жөніндегі қазақстандық халықаралық көрме-форумы өтеді.
EXPO ХКО алаңында 50-ден астам қазақстандық және халықаралық компания техника мен жабдықтан бастап, құрылыс материалдары мен инженерлік шешімдерге дейін құрылыс саласының өнімдері мен технологияларының кең спектрін ұсынады. Қатысушылар арасында XCMG, LiuGong, Sany, Borusan, Zoomlion, SK BASTAU, Hino Motors, Sami-X, Еуразия-СТ, JOVOO INDUSTRIES, HENAN WEIHUA HEAVY MACHINERY, HENAN MINE INTERNATIONAL TRADING, АЛСЕКО, Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы, ВОДЭКОФИЛЬТР, «Қазақстан су қауымдастығы» ЗТБ, СУ АРНАСЫ-СЕРВИС, АТЕ, АРЫСТАН СТЗ СҮ, «Еуразия СТ» ЖШС (ҚР), «ИВЦ» ЖШС және басқа да осы сияқты әлемдік көшбасшылар мен өңірлік компаниялар бар.
Экскаваторлар, автокрандар, катоктар, автогрейдерлер, жүк көліктері мен аударғыш жүк машиналары сияқты арнайы техниканың соңғы үлгілерін көрсететін Қытай өндірушілерінің ұлттық экспозициясына ерекше назар аударылады.
Көрменің басты оқиғаларының бірі Astana Construction Forum — құрылыс секторының негізгі ойыншыларын: құрылыс салушыларды, дистрибьюторларды, жобалаушыларды, цифрлық шешімдерді жеткізушілерді және реттеуші органдардың өкілдерін біріктіретін алғашқы тәуелсіз салалық алаң болады.
Форум нарықтың жай-күйін, өзекті сын-қатерлерді, мемлекеттік қолдау шараларын және саланы дамытудың болашағы талқыланатын бірегей мүмкіндік.
17 қазанда Қазақстан су қауымдастығы ұйымдастырған су индустриясы бойынша дөңгелек үстел өтеді.
Іскерлік бағдарлама шеңберінде ТКШ саласындағы энергия тиімділігі бойынша «КТҮ-де энергияны тиімді пайдалану» семинары өтеді, онда энергия тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдері, энергия шығынын төмендетудің инновациялық технологиялары және тұрғын үй коммуналдық сектордағы энергия үнемдеу бойынша табысты кейстер қаралады.
Естеріңізге сала кетейік, EXPO ХКО Орталық Азиядағы ең ірі және заманауи бизнес алаң. Орталықтың бірегейлігі – тек көрме залының ауданы 12 мың м² құрайды. Көрме орталығында 4 заманауи конференц–зал, кең фойе, көптеген жұмыс аймақтары, ілеспе семинарлар, форумдар, жәрмеңкелер, конференциялар өткізуге арналған аймақтар бар.