13 тамыз күні EXPO Конгресс-орталығында Asian Awards 2025 марапаттау рәсімі өтті. Бұл – Азия Паралимпиялық комитетінің (АПК) 8-ші Бас Ассамблеясы мен Конференциясы аясындағы басты шаралардың бірі.
Asian Awards – паралимпиялық спорттағы үздік жетістіктерді мойындау мақсатында АПК тағайындаған беделді марапат. Оны спортшылар, жаттықтырушылар, ұлттық комитеттер, командалар, ресми тұлғалар және БАҚ өкілдері алады – Азиядағы паралимпиялық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқандар.
✨ Биыл марапаттау рәсімі тарихта алғаш рет Орталық Азияда өтті! Ал оны өткізу құрметі Қазақстанға бұйырды – паралимпиялық қозғалысты белсенді дамытып, инклюзия мен тең мүмкіндіктер құндылықтарын ілгерілетіп келе жатқан елге.