EXPO жазғы сахнасында DJ FEST өтеді
Ертең, 12 шілдеде EXPO жазғы сахнасында электронды музыка мен диджеингке арналған DJ FEST музыкалық фестивалі өтеді. Фестивальде DJ BURLYAEV, DJ GODUNOV және DJ LAZY сияқты диджейлер өнер көрсетеді.
Іс-шараның басталуы сағат 19:00-де, кіру тегін
EXPO SPORT WEEK 2025 спартакиадасы
26-27 шілдеде EXPO аумағында «QazExpoCongress» компаниясының қызметкерлері мен EXPO іскерлік кешенінің резиденттері арасында EXPO SPORT WEEK 2025 спартакиадасы өтеді.
Іс-шараның мақсаты – корпоративтік рухты нығайту, серіктестік қатынастарды дамыту, сондай-ақ резидент компаниялардың қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Спартакиада аясында келесі спорт түрлері бойынша жарыстар жоспарланған: футзал, волейбол, бильярд, үстел теннисі, шахмат, қол күресі, киберспорт.
Спартакиаданың ашылу салтанаты 26 шілдеде сағат 09:00-де EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.
«Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар тауарлары жәрмеңкесі
1-3 тамыз аралығында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында «Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар тауарлары мен қызметтері жәрмеңкесі өтеді.
«Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі – тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын біріктіретін тамаша алаң, онда елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін сатып ала алады.
Бұған қоса EXPO аумағында демалыс күндерін белсенді өткіземін деушілер үшін роллердром бар. Роллердромның жұмыс кестесі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 14:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі мен жексенбі аралығында сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Роликтерді жалға алу құны — 2000 теңге, ал өз роликтеріңізбен кіру тегін.
Сондай-ақ аумақта бірегей ойын алаңы орналасқан саябақ, дәмханалар, мейрамханалар және жерасты тұрағы жұмыс істейді.
EXPO кешені – іскерлік және мәдени іс-шаралар аумағы.