Metis’s тобының концерті
Жыл сайын жаздыгүні EXPO кешенінің аумағында жазғы сахна өз жұмысын бастайды. Мұнда әртүрлі жанрдағы туындыларды орындайтын шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Концертке тегін кіруге болады. Іс-шаралардың басталуы сағат 19:00-де.
Осы сенбі, 7 маусым күні жазғы сахна алаңында Metis’s тобы, сондай-ақ The Champions ВИА-сы, Нұрдәулет Арыстан және DJ Burlyaev өнер көрсетеді. Іс-шараны Әділет Ахметов жүргізеді.
Концерттің басталуы сағат 19:00-де
BAKR-дің концерті
7 маусымда Конгресс орталығында BAKR-дің концерті өтеді. Іс-шараға билетпен кіре аласыздар.
Концерттің басталуы сағат 19:30-да
Сергей Лазаревтің концерті
8 маусымда Конгресс орталығының сахнасында Сергей Лазаревтің «Я не боюсь» атты шоуы өтеді. Іс-шараға билетпен кіре аласыздар.
Концерттің басталуы сағат 20:00-де
Бұған қоса EXPO аумағында демалыс күндерін белсенді өткіземін деушілер үшін роллердром ашылды. Роллердромның жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 14:00-ден 23:00-ге дейін, сенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Роликтерді жалға алу құны — 2000 теңге, ал өз роликтеріңізбен кіру тегін.
Ал балалар үшін аумақта бірегей ойын алаңы орналасқан саябақ бар. Сонымен қатар EXPO аумағында дәмханалар, мейрамханалар және жерасты тұрағы жұмыс істейді.
EXPO кешені – іскерлік және мәдени іс-шаралар аумағы.