Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ-2026) аясында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «ТМД Экономикалық даму іскерлік орталығы» қауымдастығы және «Ұлттық конгресс бюросы» қауымдастығы ынтымақтастық және әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа қол қою конгресс-көрме қызметін, іскерлік және оқиғалық туризмді дамытуға ықпал ететін ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестікті қалыптастыруға бағытталған.
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ-ның MICE-туризмді дамыту үшін мемлекеттік және халықаралық деңгейде заманауи әрі дамыған инфрақұрылымы бар. EXPO іскерлік кешенінің аумағында бес жұлдызды Hilton Astana қонақ үйі, Орталық Азиядағы ең ірі көрме алаңы саналатын EXPO халықаралық көрме орталығы, халықаралық форумдар, саммиттер, конференциялар, ресми іс-шаралар, спорттық және мәдени жобаларды өткізуге кең мүмкіндік ие Конгресс орталығы, сондай-ақ іскерлік ортаны қалыптастыруға арналған кеңсе кеңістіктері жұмыс істейді», – деп атап өтті «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Еркімбаев.
Аталған келісімге қол қою кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға және бірыңғай іскерлік кеңістікті дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ.