Astana Finance Days (AFD) VIII халықаралық форумы 2025 жылғы 4–5 қыркүйекте Астанада Astana International Forum (AIF) аясында өтеді. Іс-шара елорданың маңызды орталығы болып саналатын EXPO іскерлік кешенінде ұйымдастырылуда.
2025 жылдың тақырыбы – «Капитал болашақты қалыптастыратын жерде». Мұнда «капитал» сөзінің қос мағынасы қамтылған: Астана – Қазақстанның астанасы әрі Шығыс пен Батысты тоғыстыратын, қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы; сондай-ақ орнықты өсімді қамтамасыз ететін капиталдың негізгі түрлері.
Биыл форум 5 000-нан астам қатысушыны жинайды. Олардың қатарында жетекші сарапшылар, инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері бар. Бұл AFD-нің қаржы, экономика және орнықты даму саласындағы жаһандық диалог алаңы ретіндегі мәртебесін тағы да айқындайды.