23-25 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Automechanika Astana 2022 автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер, автоқұрамдауыштар, жабдықтар мен тауарлардың халықаралық көрмесі өтеді.
Automechanika Astana – жаңа талаптарда шетелдік серіктестерді іздеуге арналған алаң. Іс-шара Орталық Азиядағы автомобиль өнеркәсібі, дилерлік орталықтар, қызмет көрсету және жөндеу сегменттерінің өкілдері арасында нетворкинг және жаңа бизнес-шешімдерді табу үшін негізгі платформа атағына ие болды. Ал биыл ол бүкіл ЕАЭО аумағында индустрия мамандарының өзара әрекеттесуінің негізгі алаңына айналады. Көрмеде автокөліктердің сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуі үшін қосалқы бөлшектерден бастап керек-жарақтарға дейін барлығы ұсынылады.
2022 жылы жобаға әлемнің түрлі елдерінен жаңа қатысушылар қосылады: олардың ішінде Түріктің Uludag автомобиль өнеркәсібінің экспорттаушылар қауымдастығы (OIB), Freccia International қозғалтқыш бөлшектерінің жетекші итальяндық өндірушісі, Польшаның Autopartner және Fristom, Жапонияның Meiji Sangyo қосалқы бөлшектерін жеткізуші компаниялар және басқалары. Сондай-ақ өз өнімдерін Ресей, Германия, Венгрия, Оңтүстік Корея, Қытай және басқа да елдердің компаниялары ұсынады.
Көрменің ажырамас бөлігі – АКАБ, Kazakh Tourism, KAZLOGISTICS, KAO сарапшыларының қатысуымен болатын ақпараттық іскерлік бағдарлама. Жаңа экономикалық талаптарда автобизнесті дамытуды талқылау бағдарламаның өзегіне айналмақ. Сондай-ақ бағдарламада автомобиль саласының талдауы мен болашағы, автоөнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары, ТҚС және машиналар паркі иелері үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу тізбегін автоматтандыру қамтылған.
ЕАЭО-ға қатысушы елдер арасында кедендік шекаралардың болмауы, кірудің визасыз режимі, ал таяудағы уақыттан бастап құрлық шегараларын еркін кесіп өту Қазақстанды өзара іс-қимылдың тартымды нүктесі ететінін атап өткен жөн.
Онлайн тіркелу арқылы мамандарға кіру тегін.