Ағымдағы жылғы 19 қарашада, сағат 11:00 – 12:00, Сауда және интеграция министрлігі бейіндік үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерін Бақыт Сұлтановпен онлайн кездесуге шақырады.
Кездесу барысында техникалық реттеу және метрология, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларында ҮЕҰ-мен әріптестіктің нәтижелері мен ынтымақтастықтың одан әрі перспективаларын талқылау жоспарлануда.
Іс-шара «Қоғам мен мемлекеттің орнықты дамуы жолындағы серіктестікке 30 жыл» тақырыбына арналған Қазақстанның Х Азаматтық форумы аясында өтеді.
Бейіндік ҮЕҰ өкілдері жоғарыда көрсетілген кездесуге қатысу үшін тіркеуден өтуі қажет. Ол үшін өз деректеріңізді (толық аты-жөні, ҮЕҰ атауы, ұялы телефон, WhatsApp нөмірі) ағымдағы жылғы 18 қарашаға дейін almukhanova9@gmail.com электрондық поштаға жіберу керек.
Тіркеуден өткендер іс-шараға қатысу үшін ZOOM-ға сілтеме алады.
Іс-шара YouTube-арнасында және Қазақстанның Азаматтық форумының Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Онлайн-трансляцияға сілтемелер: https://fb.me/e/1sbVoP6Fa
Қосымша ақпаратты +7 701 701 01 34, 8 (7172) 74- 98 94 телефоны арқылы алуға болады.