29-31 мамырда елордамыздың EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында InterFood Astana 2024 – 24-ші Қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді, оған әлемнің 15 елінен 80-нен астам өндіруші қатысады. Биыл алғаш рет көрменің құрметті өңірі – Еуропа Одағы. Көрмеде ЕО-ның 30-дан астам өндірушісі еуропалық тауарлардың тұсаукесерлік экспозициясын ұсынады.
InterFood Astana жыл сайын тамақ өндірісінің мамандары үшін бизнесті масштабтау мүмкіндіктерінің платформасын ұсынады. Көрмеде сала өкілдері жаңа өнім берушілермен және өнім үлгілерімен танысып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастық пен экспорттық нарықтарға шығу перспективаларын ашады.
Көрмеде Еуропа Одағы, Беларусь, Болгария, Германия, Қазақстан, Қытай, Литва, Молдова, Ресей, Сингапур, Түрікменстан және Чех Республикасынан 80-нен астам қатысушы азық-түлік, сусындар, жабдықтар мен ингредиенттердің кең ассортиментін ұсынады. Еуропа Одағының таныстырылым павильоны Одаққа мүше 27 мемлекеттің өндірушілерінің өнімдерін Қытай, Венгрия ұлттық экспозицияларымен қатар көрсетеді, олардың стендтері де осы елдердің жергілікті өнімдері мен сусындарының алуан түрін ұсынады. Ресейден келген өндірушілер Удмурт Республикасының ұжымдық стенді аясында экспорттық әлеуетті ұсынады. Қазақстандық өндірушілер арасында отандық өндірістің флагманын Сұлтан Маркетинг, Прима Құс, Цин-Қаз және басқа да компаниялар ұсынады. Азық-түлік өндірістерін жарақтандыруға арналған жабдықтар, сондай-ақ нан пісіру, кондитерлік, зертханалық, орау жабдықтары, жемістер мен көкөністерді құю және өңдеу желілерін Kronen (Германия), Ruwac (Қазақстан/Германия), Rodals (Молдова), Фаворит Техно (Қазақстан), Omnipol (Чехия) және Қытайдан келген компаниялар көрсетеді. Қаптама өнімдерімен Гласс Декор (Ресей), «Гофротара» зауыты (Қазақстан), Интер Мульти Сервис (Қазақстан), Парадигма (Ресей) және басқа да компаниялардың стендтерінде танысуға болады.
Іс-шарада алғаш рет Қытайдан 20-дан астам өндіруші қатысады, олар азық-түлік, ингредиенттер, қаптамалар мен жабдықтарды ұсынып қана қоймай, сонымен қатар Гуйчжоу провинциясы мен Нинся-Хуэй автономиялық ауданының бірегей мәдени дәстүрлерімен бөліседі. Іс-шарада HEPA, Венгрияның экспортты ілгерілету қауымдастығы Қазақстан кәсіпкерлерімен іскерлік әріптестік орнатудың келешегі мен мүмкіндіктері үшін Венгрияның экспорттық әлеуетін білдіретін дебют жасайды.
Биылғы бірегей алаң Еуропа Одағының таныстырылым павильоны болмақ, онда келушілер ЕО өндірушілерінің тағамдары мен сусындарын тамашалай алады. Қонақтарды дәм тату, шеберлік кластары және еуропалық өнімдерді Қазақстанға импорттау бойынша B2B-келіссөздер күтеді.
Іс-шара туралы толық ақпаратпен және қатысушылар тізімімен ресми сайттан таныса аласыздар: www.interfoodastana.kz.