Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 мамырдағы қаулысына сәйкес «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Еркімбаев EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан секциясының Бас комиссары болып тағайындалды.
«Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» тақырыбындағы EXPO 2025 Osaka көрмесі 2025 жылдың 13 сәуірі мен 13 қазаны аралығында Жапонияда өтеді. Өткізу орны ретінде Осакадағы жасанды Юмешима аралы бекітілді. Көрменің тақырыбы үш тақырыпшадан тұрады: «Өмірлерді құтқару», «Құқық пен мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірлерді біріктіру». Қазақстан павильоны «Өмірді құтқару» тақырыптық кластерінде орналастырылады. Келушілердің болжамды саны – 150 елдің және 25 халықаралық ұйымның қатысуымен 28,2 млн адам.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросының мүшесі болып табылады және 2005 жылдан бастап EXPO көрмелеріне қатысады.