19-21 қазан аралығында ЕХРО халықаралық көрме орталығы алаңында XIV KazAgro/KazFarm 2023 халықаралық аграрлық көрмелері өтеді.
KazAgro/KazFarm көрмелері – ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды енгізуге бағытталған іс-шаралар.
KazAgro – еліміздегі өсімдік шаруашылығының ең ірі көрмесі, онда тұқым селекциясы, заманауи технологиялар мен жабдықтар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, қайта өңдеу және логистика бойынша қызметтер көрсету сынды салаларды қамтиды.
KazFarm – эмбриондардан бастап, дайын өнімге дейін және мал шаруашылығының түрлі салаларында қызмет көрсетуді толық қамтыған Қазақстандағы мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібі бойынша жалғыз көрме.
KazAgro/KazFarm 2023 халықаралық көрмелерінде Қазақстанның АӨК-де аграрлық ғылымның соңғы әлемдік жетістіктерін енгізуге ықпал ететін жетекші әлемдік агроконцерндердің, инновациялық технологиялар мен аграрлық секторды дамыту бағдарламаларының бірқатар жаңа ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары ұсынылатын болады.
Биыл іс-шара 20 елден 200-ден астам компанияны біріктіреді. Солардың ішінде Аустрия, Беларусь, Германия, Испания, Канада, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Италия, Қазақстан және т.б.
Көрмелердің іскерлік бағдарламасы жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталық басшыларының қатысуымен презентациялар, бизнес-миссиялар және семинарларды өткізуді көздейді.
Халықаралық көрмелердің басты оқиғасы ТМД-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі министрлік конференциясы болмақ.