28-30 қаңтар аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында Central Asia Coatings Show — лак-бояу материалдары мен жабындар, оларды өндіруге арналған шикізат, жабдықтар және технологияларға арналған III халықаралық көрме өтеді.
Іс-шара лак-бояу индустриясы, құрылыс және дизайн саласының мамандарын біріктіреді. Көрмеге 14 елден 150 өндіруші қатысып, лак-бояу материалдарына арналған шикізат пен компоненттерді, сәндік және өнеркәсіптік жабындарды, сондай-ақ құрылысқа, инфрақұрылымға және өнеркәсіпке арналған шешімдерді ұсынады.
Көрме бағдарламасы тәжірибелік шеберлік сабақтарын және сала мамандарына арналған іскерлік бағдарламаны қамтиды.