26 және 27 шілдеде EXPO іскерлік кешенінің аумағында алғаш рет EXPO SPORT WEEK 2025 спартакиадасы өтті. Спорттық іс-шараны «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы ұйымдастырды.
Спартакиаданың ресми ашылуы 26 шілдеде таңертең EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға EXPO аумағында орналасқан 23 компанияның 370 қызметкері қатысты.
Спартакиада спорттың бейресми жағдайда бас қосып, серіктестік байланысты орнатуға септігін тигізетін шара екендігінің жарқын дәлелі. Спорттық іс-шараның мақсаты мықты командаларды анықтау ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және EXPO іскерлік қоғамдастығы ішінде қарым-қатынасты табысты дамыту.
Екі күн ішінде қатысушылар алты бағыт бойынша бақ сынасты: футзал, волейбол, бильярд, үстел теннисі, шахмат және киберспорт (Dota 2, Counter-Strike 2). Турнирлер достық және адал күрес атмосферасында өтті.
Футзал спартакиаданың ең әсерлі ойындарының бірі болды, онда «QazExpoCongress» ҰК» АҚ командасы өз қарсыластарын ойсырата жеңді. Екінші орынды «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, ал үшінші орынды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) иеленді.
Волейбол матчтары қызықты да қызу өтті. I орынды «ҰАТ» АҚ командасы, II орынды Astana IT University, III орынды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) алды.
Бильярд бойынша турнирде I орын «BMCA» ЖШС өкіліне, II орын «QazExpoCongress» ҰК» АҚ өкіліне және III орын «Business Region» ЖШС өкіліне бұйырды.
Үстел теннисінен жеке разрядта келесі ойыншылар ерекшеленді: Presight AI Kazakhstan Ltd. компаниясының қызметкері (I орын), «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ қызметкері (II орын), «ҰАТ» АҚ қызметкері (III орын).
Спартакиада қатысушылары арасында зияткерлік спорт түрі – шахмат ерекше танымал болды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), «QazExpoCongress» ҰК» АҚ және «TargetAI Limited» жеке компаниясының қызметкерлері шахмат ойынының үздігі атанды.
Dota 2 ірі киберспорт тәртібі бойынша командалық жарысты «ProLabSupport» ЖШС командасы жеңіп алса, екінші орынды Astana IT University, ал үшінші орынды «ҰАТ» АҚ місе тұтты. Counter-Strike 2 тәртібі бойынша бірінші орынды «ҰАТ» АҚ, екінші орынды ЦДИАӨМ, үшінші орынды АХҚО еншіледі.
Жалпы командалық есепте спартакиаданың көшбасшылары болып «ҰАТ» АҚ (I орын), «QazExpoCongress» ҰК» АҚ (II орын) және АХҚО (III орын) атанды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 27 шілдеде EXPO жазғы сахнасында өтті. Іс-шараға «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дияс Азбергенов, жарыстың бас төрешісі Мақсат Әбенов және «Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Тамирлан Гайтамиров қатысты. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Салтанатты шара аяқталған соң жеңімпаздар мен қонақтар үшін белгілі әнші Қайрат Баекенов өнер көрсетті.
EXPO SPORT WEEK 2025 жай ғана спорттық шара емес, EXPO іскерлік қауымдастығының өміріндегі маңызды оқиға болды. Компания іс-шара дәстүрге айналып, болашақта одан да көп қатысушы мен көрермен жинайтынына сенімді.