27-29 ақпан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің сауда миссиясы өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Сауда және интеграция министрлігі және «QazTrade» экспортты мемлекеттік қолдау шараларының операторы.
Сауда-экономикалық миссия аясында 28 ақпанда Expo City Dubai (Expo 2020 Dubai) аумағындағы қазақстандық павильонда IT және мұнай сервисі компаниялары үшін көрме-таныстырылым алаңын және коворкингті іске қосу жоспарлануда. Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, БАӘ мемлекеттік ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ өз өнімдері мен қызметтерін ұсынатын отандық компаниялар қатысады.
Сауда миссиясы барысында тәжірибе алмасу және байланыстарды кеңейту мақсатында қазақстандық кәсіпкерлердің араб бизнес өкілдерімен екіжақты B2B келіссөздер және көшпелі кездесулер өткізу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы Дубайдағы сауда миссиясы қорытындысы бойынша биоқосымшаларды, ауыл шаруашылығы өнімдерін, минералды су, кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ БАӘ нарығына IT-қызметтерді жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/700696?lang=kk