2021 жылғы 3 қазанда EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесін өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында ұйымдастырушысы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ болып табылатын Kazakhstan Green Day іскерлік іс-шаралар сериясы болып өтті. Kazakhstan Green Day шеңберінде өңірлік экологиялық сын-қатерлерді басқару жүйесіне, ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізуге, сондай-ақ парниктік газдарды басқаруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Іс-шара офлайн және онлайн форматта өткізілді. Қазақстан павильонының бизнес-лаунджында спикерлер мен делегаттардың қатысуымен панельдік сессиялар өтті. Сонымен қатар әрбір елдің сарапшылары іс-шараға видеоконференц байланыс арқылы қосылды.
Іскерлік іс-шараны Дубайдың Электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау басқармасының (DEWA) Бас директоры Жоғары Мәртебелі Саид Мохаммед Аль Тайер ашты. Сондай-ақ іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі М. Меңілбеков пен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма төрағасы А. Соловьева қарсы алды.
Іс-шараның спикерлері негізгі халықаралық және ұлттық сарапшылар, кешенді ластанудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Еуропалық Бюро (European Integrated Pollution Prevention and Control Bureau), Ресей Федерациясының ең озық қолжетімді технологиялар бюросы, Еуропалық Одақтың жобасы – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық (WECOOP), Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы (ОАӨЭО), Citepa ауаны ластау жөніндегі Француз техникалық орталығы және тағы басқа ұйымдардың өкілдері болды.
Басты тақырыптар «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және жасыл технологиялар трансферінің механизмі ретінде өңірлік экологиялық тәуекелдерді басқару жүйесі болды. Сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Ресей Федерациясының ОҚТ енгізу бойынша тәжірибесі талқыланды. Үшінші панельдік сессия шеңберінде Қазақстанның төмен көміртекті даму саласындағы саясаты және парниктік газдарды басқару саласындағы іс-қимылдардың ашықтығына қол жеткізу мәселелеріндегі негізгі акценттер қаралды.
Іс-шара соңында Қазақстанның ірі өнеркәсіптік компанияларының («KEGOC» АҚ, «Самұрық-энерго» АҚ, ERG, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, Kazminerals, Kazakhmys) өкілдерімен ОҚТ енгізу және дамыту мәселелері қозғалды. Қатысушылар Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының өнеркәсіптің негізгі салаларында ОҚТ анықтамаларын әзірлеу бойынша жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалады.
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар Орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қосымша ақпаратты kazpavilion.expo@gmail.com электрондық мекенжайына хабарласып алуға болады.