«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы экологиялық жағдайды жақсартуға және қалалық ортаны абаттандыруға бағытталған жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Компанияның 100-ден астам қызметкері саябақ аймағын қоса алғанда, EXPO іскерлік кешені объектілерінің іргелес аумақтарын тазалауға шықты. Санитарлық тазалаумен қамтылған жалпы аумақ шамамен 2 гектарды құрады.
«Біз экологиялық бастамаларды қолдауды және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруды маңызды деп санаймыз. Мұндай іс — шараларды өткізу қалалық инфрақұрылымды жақсартуға ғана емес, қызметкерлер арасында командалық рухты нығайтуға да ықпал етеді», – деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Рахимберлин Алмас.
EXPO аумағында абаттандыру және тазалықты сақтау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі, бұл «QazExpoCongress» – тің орнықты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
Маркетинг және PR бөлімі
«QazExpoCongress» ҰК » АҚ