21 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар жоспары шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-да компания қызметкерлері үшін семинар өткізді.
Шара барысында Агенттіктің өкілдері ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Іскерлік әдебінің кодексін және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қадағалаудың нормаларымен қатысушыларды таныстырды.
«Сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ол туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өтті. Жыл сайын Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйелі болып келеді. Осыған байланысты, превенция үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін білу маңызды. Ұйымдардағы комплаенс қызметі осындай тәуекелдердің төмендеуіне мүмкіндік туғызады», – деді Агенттіктің Превенция қызметінің сарапшысы Асан Айдарханов.
Превенция қызметінің аға офицері Жаслан Хамитов ағымдағы жылғы жұмыстың қорытындыларымен бөлісті, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларымен таныстырды.
Бұл ретте ұлттық компанияның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Еркімбаев компанияның қызметі туралы, сондай-ақ комплаенс қызметі жұмысының алдағы жылға жоспары туралы бөлісті. Сонымен қатар ол ұйымға комплаенс қызметін енгізу және оның жұмысы – компаниядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік беретін, қызметкерлер тарапынан теріс әрекеттерден сақтап қалатын тиімді шара екенін белгілеп өтті.
Ұлттық компанияның комплаенс қызметі осы жылдың қаңтар айында құрылғанын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, корпоративтік әдептің талаптарын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға жауап береді.