Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және этика секторының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру басқармасының өкілдері «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен «Сыртқы сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу және туындау жағдайлары саласындағы саясат» тақырыбында мәжіліс өткізді.
Іс-шара барысында компания ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша жұмыспен таныстырды.
Өз кезегінде ұлттық компанияның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Д. Еркімбаев компанияның қызметі, оның өзін-өзі толық өтеуге шығуы, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, COVID-19-бен сырқаттану жағдайларының артуына байланысты мәжіліс санитарлық нормаларды сақтау талаптарына сай өткізілді. Мәжіліске қатысушылар маска режимін және мәжілісті өткізу регламентін сақтады.