8 тамызда EXPO жазғы сахнасында Expo Music Fest жазғы концерттер маусымы аясында тағы бір кеш өтеді. Іс-шараның басталуы сағат 19:30-да.
«Заманауи хиттер» концерті танымал қазақстандық орындаушылардың өнерін тамашалауға мүмкіндік береді. Олардың әндері бүгінде еліміздің ірі музыка алаңдарында шырқалып, өз аудиториясын жинап үлгерді.
Сахнаға Айым Имаш, Талғат Мәжитов, Марал Ками және Aslanbi шығады. Әртістер көрермендерге заманауи хиттер мен энергияға толы жарқын бағдарлама ұсынады.
Кештің соңына қарай сахнада Еркеш Хасен мен Dosekesh өнер көрсетеді. Әншілердің шығармашылығы көрермендер арасында өте танымал, сондықтан алаңға мыңдаған жанкүйерлерді жинайтыны сөзсіз.
Expo Music Fest елорда тұрғындары мен қонақтарын ашық аспан астындағы тегін концерттермен қуантуды жалғастыруда. Әр сенбі сайын EXPO іскерлік кешенінің аумағында белгілі қазақстандық орындаушылардың қатысуымен музыкалық кештер өтеді.
Өтетін күні: 8 тамыз
Басталу уақыты: 19:30
Өтетін орны: EXPO жазғы сахнасы, Астана қаласы
Кіру тегін.
EXPO іскерлік кешенінде өтетін іс-шаралар туралы толық әрі өзекті ақпарат «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.