29-31 мамыр аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында XII Қазақстандық халықаралық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме өтеді.
Бельгиядан, Қазақстаннан, Қытайдан, Ресейден, Түркиядан, Өзбекстаннан келген 70-тен астам компания өз стендтерінде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы жаңалықтарды, оның ішінде тоқыма бұйымдарын, жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ), өнеркәсіптік альпинизмге арналған жабдықтарды, денсаулық пен еңбек гигиенасын сақтауға арналған құралдарды, өртке қарсы қауіпсіздік құралдарын, медициналық тексеру жүйелерін, тренинг компанияларын және т.б. ұсынады.
Тұрақты қатысушылардың арасында жаңа компаниялар да бар. Қонақтарға алғаш рет Di ART, ҚазЖұмысКиім, ФескГрупп, Айкод, Suraya Uniform Services, Өндірістік қауіпсіздік және экология, Inter Knowledge Solutions Institute, RIST, sPoint, ARITEKS және басқа да компаниялар өз өнімдерін ұсынады.
Көрме келесі бөлімдер бойынша өтеді: еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік (ЖҚҚ-ны қоса алғанда), тоқыма, денсаулық және еңбек гигиенасы, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар, оқыту және ғылым, экологиялық қауіпсіздік, медициналық тексеру жүйесі, көлік паркін басқару. Сондай-ақ бағдарламалық жасақтама және IT қауіпсіздігі салаларына ерекше назар бөлінеді.
Семинар аймағы аясында Inter Knowledge Solutions Institute, Horizon Inc, Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы, «Nurikon» кәсіптік даярлау орталығы, «Өрт қауіпсіздігі 2.0» ЖШҚ, ФескГрупп, Зелинский групп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары үшін бірқатар оқыту және практикалық семинарлар өткізеді. Бұдан басқа көрменің жұмыс күндері биіктікте жұмыс істеу бойынша бірқатар шеберлік кластары өткізіліп, жаңа жабдықтар мен ЖҚҚ көрсетіледі.