13-желтоқсанда елордада, EXPO іскерлік орталығының аумағында көптен күткен ашық алаңда конькимен сырғанаудың V маусымы ашылды.
Сыйымдылығы 200 адамға дейінгі EXPO мұзайдыны елорданың ең көрікті жері – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының түбінде орналасқан. Мұзайдынның ауданы 1500 шаршы метр.
Конькимен сырғанау барлығына тегін. EXPO мұзайдыны жұмыс күндері 12:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Келушілер үшін киім ауыстыратын жылы бөлме қарастырылған. Сондай-ақ мұзайдынның жанындағы тамақтану орындарына барып демалуыңызға болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін 3 мың автокөлікке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін жерасты тұрағы бар.
Мұзайдынына өз конькиіңізбен келуге немесе сол жерде жалға алуға болады. 2 сағаттық сеанс 500 теңге тұрады.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты келушілер маска тағып және әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет.