8 қазанда EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді. Іс-шара ұйымдастырушысы – «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Көрме-байқауының мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау, оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру, отандық брендтерді ілгерілету және еліміздегі өндірістің дамуына серпін беру.
Көрмеде 2022 жылғы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының 153 жеңімпаз кәсіпорындарының тауарлары, оның ішінде өндірістік мақсаттағы, халыққа арналған және азық-түлік тауарлары ұсынылатын болады. Барлық өнімдер өндіруші бағасымен сатылады.