Елордада Астана халықаралық форумы өз жұмысын бастады.
Форумның басты тақырыбы: «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында».
Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтуде. Форум барысында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған үздік сарапшылар қазіргі кездегі жаһандық мәселелердің шешімін табу мақсатында бас қосты.
Форумға мемлекеттер мен үкіметтердің, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары, саяси қайраткерлер мен сарапшы топтарының өкілдері қатысады.
ХВҚ, ДСҰ, АДБ, ЕҚДБ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ ПА басшылары, ЭЫДҰ және АҚШ сауда миссиясының өкілдері, сондай-ақ шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері бар 300-ден аса шет ел делегаттары екі күн ішінде мемлекетаралық ынтымақтастық және жаңа жаһандық әріптестікті қалыптастыру модельдерін қарастырады.
Құрметті қонақтар арасында:
Екі күнге созылатын форум барысында қатысушылар 4 негізгі бағыт бойынша мәселелерді шешудің жаңа жолдарын қарастырады. Олар:
– Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік;
– Халықаралық даму және тұрақтылық;
– Энергетика және климаттың өзгеруі;
– Экономика және қаржы.
Форум аясында аталған бағыттар бойынша 40-тан астам панельдік сессиялар, бейресми пікірталастар және басқа да бағдарламадан тыс іс-шаралар өткізіледі.
Форумның стратегиялық серіктестері: БҰҰ және CNN.
БҰҰ жоғары деңгейдегі спикерлерді ұсыну және өздерінің бірнеше агенттіктерінің қатысуын қамтамасыз ету арқылы іс-шараға қолдау көрсетеді.
CNN –стратегиялық медиа серіктес.
Астана халықаралық форумы
ұйымдастыру комитеті
https://astanainternationalforum.org