25 қыркүйекте NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының алаңында «Қазақстандағы Mini сән апталығы» басталады. Іс-шараның бас серіктесі «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы.
«Қазақстандағы Mini сән апталығы» – бұл «Балалар жылына» арналған сән және таланттар мерекесі.
Іс-шараның мақсаты – қазақстандық өндірушілерді қолдау және танымал ету, сондай-ақ сән әлемінде жаңа таланттарды ашу.
Іс-шараның міндеті – елде fashion-индустриясын дамыту, Қазақстанда және халықаралық нарықта отандық брендтер мен жас дизайнерлерді ілгерілету.
Көрсетілімде қазақстандық дизайнерлер балалар коллекцияларын – киім, аяқ киім және аксессуарларды ұсынады. Елордалық Volskaya, I am Different, WOW KIDS, Ismas Knitting брендтері өздерінің эксклюзивті киім үлгілерін көрсететін болады. Көрсетілімге 70 модель қатысады.