Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет 17-19 маусым аралығында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Qazaqstan Live Fest 2022 халықаралық туризм, спорт және белсенді өмір салты көрмесі өтеді.
Qazaqstan Live Fest нарықтың В2В және В2С сегменттерін біріктіретін жоба болып табылады, туризм индустриясы, билік және бизнес сарапшыларының, трэвел-блогерлердің, сондай-ақ бүкіл индустрия – саяхат, белсенді демалыс пен спорт әуесқойларының тиімді ынтымақтастығы үшін бірегей коммуникациялық алаңы болады.
Көрменің іскерлік бағдарламасы «Туристік салаға арналған мемлекеттік қолдау шаралары», «Қазақстанның ұлттық парктері үлгісінде экологиялық туризмді дамытудың жаңа форматтары», «Қазақстан туризмінің тұрақты дамуы», «Әлемдік тәжірибенің үздік үлгілері мен оған шолу» сияқты заманауи туризм мен белсенді өмір салтының өзекті тақырыптарын қамтиды.
Көрме тұтынушылармен қарым-қатынас жасау үшін демонстрациялық аймаққа, спорттық іс-шараларға, жаттығуларға, жаңа өнімдер мен жабдықтарды сынауға арналған workout аймағына және туристік индустрия өкілдерімен, танымал спортшылармен және блогерлермен кездесулерге арналған конференц-аймаққа бөлінеді.
Qazaqstan Live Fest көрмесі 19 маусымда Нұр-Сұлтанда алғаш рет өтетін Nur-Sultan Half Marathon ауқымды жүгіру шарасымен бірлестікте өтеді және 4 мыңнан астам желаяқ пен салауатты өмір салтын ұстанушыларды қатысуға шақырады. Сондай-ақ 18 маусымда UIPM (Халықаралық заманауи бессайыс одағы) халықаралық жарыстар күнтізбесіне сәйкес көрме аумағында кәсіби спортшылардың да, белсенді спорт әуесқойларының да қатысуымен Laser Run бойынша жарыстардың қалалық туры өтеді.
Халықаралық көрме Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі спорттық туризмнің әлеуетін тартудың және көрсетудің жаңа нүктесіне айналуға тиіс, бұл болашақта ішкі және сыртқы туристік лектердің ұлғаюына, Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал жасауға ықпал ететін болады.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ресми қолдауымен өтеді.