Бүгін «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының қызметкерлері мен ЕХРО іскерлік орталығының аумағында орналасқан ұйымдардың ұжымдары жыл сайынғы жалпықалалық сенбілікке қатысты. 25 гектар аумақ 12 учаскеге бөлінді, онда 500-ден астам адам қоқыс пен қураған ағаштарды жинады.
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ аумақты абаттандыруға ерекше мән береді, сондай-ақ қаланың экологиялық бастамаларын барынша қолдайды. Осылайша компания елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін EXPO кешенінің аумағында барлық жағдай жасайды.