19 маусым күні Нұр-Cұлтан қаласында cпорт және салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін Nur-Sultan Half Marathon жүгіру жарысы өтеді. Жүгіру жарысы Qazaqstan Live Fest халықаралық туризм, спорт және белсенді өмір салты көрмесі болып жатқан EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді. Жарысты жыл сайынғы «Алматы марафонының» ұйымдастырушысы «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры өткізеді.
Марафон мынадай қашықтықтарда өтеді: 21,1 км, 10 км және 10 км қашықтыққа скандинавиялық жүріс. Қатысушылар орталық көшелермен жүгіріп өтіп, елорданың көрікті орындарын – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайын, Бәйтерек, Хан Шатыр, Тәуелсіздік сарайын, Ботаникалық бақты және т.б. көре алады. Қатысушылардың болжамды саны – 4 мың адам.
Нұр-Сұлтандағы жарыс тегіс трассада өтетінімен ерекшеленеді, демек спортшылардан жеке рекордтар күтеміз. Қатысушылар мен жанкүйерлер үшін үлкен ойын-сауық бағдарламасы әзірленіп жатыр. Барлық қатысушыларға мәреші медалі беріледі. Абсолютті санаттағы 21 шақырымға жүгірген ерлер мен әйелдер арасындағы ең жүйріктері ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1 орын – 450 000 теңге, 2 орын – 400 000 теңге, 3 орын – 350 000 теңге. 21 км және 10 км қашықтыққа жүгіретін белгілі бір жас санатындағы жеңімпаздар серіктестерден сыйлықтар алады.
Жарыстық нөмірлер 17-18 маусымда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ЕХРО ХКО-да Qazaqstan Live Fest көрмесі кезінде беріледі. Жарыс күні нөмірлер берілмейді.