Түркия Ұлттық қорғаныс Министрінің орынбасары Мухсин Дере біздің елімізге ресми сапары барысында NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайына келді.
Түркия Республикасы әскери ведомствосының өкілдері жаңартылатын энергия көздері саласындағы заманауи білім беру орталығы болуға арналған мұражайдың қызметімен танысты.
Шетелдік қонақтарды диаметрі 80 және биіктігі 100 метр болатын әлемдегі ең ірі сфералық ғимарат болып табылатын NUR ALEM архитектурасының бірегейлігі таңғалдырды.
Қызықты экскурсия барысында Дере мырза әріптестерімен бірге ғарыш, күн, жел, су, биомасса және кинетикалық энергияға арналған экспозициялар жинақталған мұражай залдарын аралап шықты.
Сонымен қатар Қазақстан астанасының макеті, сондай-ақ еліміздің мәдениеті, тарихы, бүгіні мен болашағы түрлі және ауқымды ландшафттар ұсынылған ұлттық павильон делегеция назарын аударды.
NUR ALEM шын мәнінде Қазақстанның жаңа символына және елорда қонақтары мен тұрғындары арасындағы ең танымал нысандардың біріне айналып отыр.