Балалар жылы мен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрымен бірлесіп Диснейдің «Арыстан патша» мультфильмінің сюжеті бойынша концерттік бағдарлама ұсынды.
Бұл күні 17 жасқа дейінгі балаларға мұражайға кіру тегін болды.
NUR ALEM мұражайының бірінші қабатында тұрақты негізде коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» көрмесі өтіп жатқанын атап өткіміз келеді. Онда мәдени құндылығы аса жоғары, бірнеше ғасырлық тарихы бар жәдігерлік бұйым ұсынылған.
Сондай-ақ баршаның көңілінен шыққан сүйікті экспонаттар, интерактивті қондырғылар, виртуалды шындық аймағы және т.б. балаларды жасыл технологиялар әлеміне танымдық саяхат жасауға ілестіріп әкетті.
NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы мәдени, білім беру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға арналған алаң екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Мұражай мынадай кесте бойынша жұмыс істейтінін еске саламыз: жұма күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін.
Сонымен қатар, кішкентай қонақтар бірегей балалар ойын алаңы орналасқан саябақ аумағында серуендеу мүмкіндігіне ие болды, ойын алаңы ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арналған.