15 наурызда EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы қызметкерлерінің мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазымен «Мемлекеттік тілдің тағылымы мен мәртебесі» атты кездесуі өтті.
Кездесу барысында қоғам қайраткері қоғамдық өмірдегі, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі қазақ тілінің маңызы, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық мәдениетін сақтаудың маңыздылығына арналған ауқымды дәріс өткізді.
Өз кезегінде компания қызметкерлері қайраткерге Наурыз мейрамы қарсаңында патриоттық рухтарын көтергені үшін жылы лебіздерін білдіріп, оның игі миссиясына сәттілік тіледі.